Ұлытау облысында жол сөмкесінен күтпеген нәрсе шыққан

24.02.2025 16:53

Сот сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады

Erol Ahmed/ unsplash.com/

Ұлытау облысында есірткі таратқан адам сотталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Ұлытау облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сот Қазақстан азаматына үкім шығарды. Ол гашишті заңсыз өңдеу, сақтау, тасымалдау және аса ірі көлемде сату бойынша айыпталды.

"Сотталушы тыйым салынған затты тұрмыстық жағдайда дайындап, кейін оны жол сөмкесіне жасырып, жолаушылар пойызымен Жезқазған қаласына жеткізген. Ол кейін осы есірткіні сатуды жоспарлаған", - деп жазылған хабарламада.  

Сот барысында прокурор айыпталушының кінәсін дәлелдейтін бұлтартпас айғақтар ұсынған. Осылайша Ұлытау облысы аумағында шамамен 5 келі гашиш таралуына жол берілмеді.    

Сот сотталушыға 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Үкім заңды күшіне енді.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Қайраткер» жас саясаткер мектебі ашылды