«Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың екінші кезеңі өтеді
2025 жылғы 6-7 наурызда еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау» тақырыбы бойынша «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың екінші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сонымен қатар «Баршаның назарына!» дабылы бойынша аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында еліміздің 9 өңірінде 2025 жылғы 6 наурызда сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылатын болады. Осыған орай тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз.