Үш айдан бері алматылықтар тұмаудың екі түрін жұқтырған

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Тұмау жұқтырғандардың көбі вакцина алмаған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Эпидемиялық маусым басталғаннан бері 232 830 алматылық тұмауға қарсы екпе алды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында айтты.

Спикердің сөзінше, Алматыда 2024 жылдың қараша айынан бастап 168 адам тұмау жұқтырды. Олардың көбі вакцина алмаған.

– Науқастардың 72 пайызы тұмаудың А/H1N1 түрін қалғандары В типті вирусты жұқтырған. Статистика көрсеткендей, жағдайлардың ең көп пайызы әртүрлі саладағы жұмысшылар (27,9%), жүкті әйелдер (23,8%) және балалар (23,2%) арасында тіркелген. Сондай-ақ қауіп тобында студенттер, зейнеткерлер және жұмыс істемейтін азаматтар болды, - деді Әсел Қалықова.

Эпидемиолог инфекцияның негізгі себебі вакцинациядан бас тарту екенін атап өтті.

Күзде Алматының 232 830 тұрғыны тұмауға қарсы екпе алды. Бұл – халықтың 10,16 пайызы. 

Айта кетейік, өткен аптада мегаполисте ЖРВИ, тұмау ауруларының 17 578 жағдайы тіркелген.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда екі жылдан кейін барлық мектеп жайлы болады

Новости партнеров