Төтеншеліктер мамандардың кранымен ұшақтың сынықтарын көтеріп, адамдарды алып шыққан
Ұшақ жерге құлаған сәтте апат орнына барған алғашқылардың бірі – "Маңғыстау өңірлік электртораптық компаниясы" Сайын Шапағатов ауылындағы қосалқы стансасының мамандары. Жақын жерде жұмыс істейтін қызметкерлер аман қалған жолаушыларды сыртқа шығарып, құтқарушыларға көмек қолын созған. Сондай-ақ төтеншеліктер мамандардың кранымен ұшақтың сынықтарын көтеріп, адамдарды алып шыққан.
"Алғашқы көмек көрсетейік" деп жиналып келдік. Бізден кейін құтқарушылар, жедел жәрдем қызметкерлері дереу келді. 10-15 адамды жабылып шығара алдық", – деді куәгерлер.
Оқи отырыңыз: Ұшақ апаты: алматылық жастар қан тапсырып жатыр