Оларға ҚР заңнамасына негізделген клиникалық хаттамаға сәйкес, ем жүргізіліп жатыр
Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында қазір 6 науқас бар. Оның төртеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дәрігерлер төрт азаматтың бірінің жағдайы өте ауыр екенін айтты. Оларға ҚР заңнамасына негізделген клиникалық хаттамаға сәйкес, ем жүргізіліп жатыр.
"Аталған алты науқастың үшеуі – Әзербайжан, үшеуі – қырғыз елінің азаматы. Қырғыз елінің де, Әзербайжан елінің де мамандары тығыз байланыста отыр. Қалай мүмкіндік болады, еліне тасымалдауға дайын", – деді көпбейінді аурухананың бөлім басшысы Жанар Байманова.
Оқи отырыңыз: Ұшақ апаты: аман қалған Әзербайжанның 14 азаматы Бакуге аман-есен жетті