Кәсіпкерлерді қолдау: мемлекеттен қаржылай көмек қашан беріледі

30.09.2024 20:11

Бағдарлама ойын-сауық орталықтарына да қарастырылмаған

Қазақстанда сауда нүктелерін жаңартуға, ашуға, дүкен салуға және салаға қажетті IT бағдарламаларды дайындауға ниетті кәсіпкерлерге мемлекет қаржылай көмектеспек, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл қолдау түрі қазанда беріле бастайды. Облыс орталықтарындағы базарларға модернизация жасауға 3 миллиард теңге қарастырылған. Ал моноқалалар мен шағын елдімекендерде базар ашқысы келетін кәсіпкерлер 1,5 миллиард теңге ала алады. Алайда мұндай қолдау көрсетілгеннен кейін мемлекеттің де талабы бар. Заң бойынша сауда орындарындағы сөрелерде 30 пайыз отандық өнім тұруы керек. Мемлекеттен қолдау алған кәсіпкер сөресін тағы 20 процентке отандық өніммен толтырып, бұл көрсеткішті 50 пайызға жеткізуі тиіс. Осылайша жауаптылар отандық тауар өндірушілерге де жағдай жасамақ.

"Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, өңірлік палаталар, «Даму» акционерлік қоғамы, оның өңірлік өкілдіктері, облыс әкімдіктері, сауда департаменттері жүргізеді", – деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков.

Мемлекеттік қолдауды Алматы, Астана және Шымкент қалаларындағы кәсіпкерлер ала алмайды. Бағдарлама ойын-сауық орталықтарына да қарастырылмаған.

Оқи отырыңыз: Алматыда алғаш рет теннистен ATP 250 турнирі өтеді