World Skills Almaty 2025: жұмысшы мамандықтарын насихаттауға бағытталған сайыс үздіктері анықталды

Топ жарғандар 2026 жылы Шанхайда өтетін халықаралық чемпионатта Қазақстанның намысын қорғайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

World Skills Almaty 2025 чемпионаты өз мәресіне жетті. Жұмысшы мамандықтарын насихаттауға бағытталған сайыста 200-ден аса студент бақ сынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл жай ғана дода емес, қатысушылар үшін тәжірибе алмасатын және жаңа мүмкіндіктер ашатын бірегей алаң болды. Чемпионаттың мақсаты – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және кәсіби дағдыны дамыту. Жарыста сайысқан жас мамандар тәжірибелік дағдысын көрсетіп, сантехникалық жабдықтарды орнатып, кабельдік желілерді тартты, мобильді қосымшалар мен графикалық дизайн жасады. Одан бөлек, шығармашылық бағытқа да ерекше көңіл бөлінді.

«Биыл жаңа форматта өтті. Студенттеріміз жақсы дайындалды. Сайыс олардың болашақ мамандығын таңдауына септігін тигізеді деген ойдамын», – деді колледж директоры Нұрдәулет Жабықбаев.

Байқау жұмыстарын 500-ден астам сарапшы мен жұмыс беруші бағалады. Жеңімпаздар анықталып, марапаттау рәсімі бүгін өтті. Чемпионаттың жүлде қоры шамамен 10 миллион теңгені құрап, 30 негізгі бағыт бойынша үздіктерге ақшалай сыйлық табысталды. Жүзден жүйрік шыққандар республикалық чемпионатқа Алматының атынан қатысады.  Онда топ жарғандар 2026 жылы Шанхайда өтетін халықаралық чемпионатта Қазақстанның намысын қорғайды.

«Бұл жарыста 1-орынды оңай алған жоқпын, тер төктім, бір жарым айлық еңбегім жатыр. Жетекшілерімнің, менің компатриот-эксперттерімінің еңбегі зор», – деді студент Аяулым Тәжіман.

Оқи отырыңыз: Ұлы дала жорығы: Алматы облысында халықаралық марафон-бәйгесіне дайындық қалай

 

 

 

Новости партнеров