Мәжіліс депутаттары жазаны қатаңдатуды ұсынды
Қазақстанда қыз алып қашатындар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Бойжеткеннің келісімінсіз оны ұрлап әкетіп, келін қылып алатындарды қатаң жазалауды Мәжіліс депутаттары ұсынып отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Көшеде кетіп бара жатқан қызды көлікке бүктеп салып әкететін жігіттерге шүйліккен халық қалаулысы Еділ Жаңбыршин қызды ұрлағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылуы қажет дейді. Алайда кейбір мемлекеттік органдар бұған қарсы шығып отырғанға ұқсайды.
"Яғни, олар қолдап отыр. Балабақшадан бастап санаға сіңіреді. Қызды сыйлау, құрметтеу керек. Ол болашақ ана. Егер қыздарды қорғамасақ, мемлекеттің болашағы да жоқ. Бұл күлетін нәрсе емес. Мемлекеттің қауіпсіздігі болуы керек", - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин.