Зайсан ауданында қамыс өртеніп жатыр

15.04.2025 08:00

Өрт тұтанған ошақ жету қиын ашық батпақты жерде орналасқан

Tim Mossholder/unsplash.com/

ШҚО Зайсан ауданында ТЖМ өрт сөндірушілері өртеніп жатқан қамыс пен құрғақ шөпті өшіруге барын салып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

"ШҚО Зайсан ауданы Біржан ауылдық округінде орналасқан Шұбырағаш учаскесінде қамыс пен құрғақ шөп жанып жатыр. Өрт тұтанған ошақ жету қиын ашық батпақты жерде орналасқан. ТЖМ мен орманшылардың күштері бар мүмкіндігін салып, күресіп жатыр", — делінген ТЖМ хабарламасында.

Мәлім болғандай, желдің екпіні 19-20 м/с жететіндіктен, жағдай күрделеніп отыр.

Оқи отырыңыз: Балалардың көз ауруларына жиі шалдығуына не себеп