Алматының Түрксіб аудандық прокуратурасы оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шарасын өткізді
Алматының Түрксіб аудандық прокуратурасы оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сонымен қатар, зорлық-зомбылық, буллинг, есірткі мен лудомания және өзге де заңсыз әрекеттерді болдырмау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жасөспірімдер де өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды. Жиын соңында оларға уақытша ұстау изоляторы таныстырылды. Айта кетейін, аталған жиынға Түрксіб ауданындағы 28 мектептен 120-ға жуық оқушы қатысты.
«120 балаға қатысқан іс-шараның ең маңызды сәті – өмірдің қандай екенін, ащы-тұщысын түсінікті тілмен жеткізу. Қандай жауапкершілік бар, оған тек бала жауапты емес, оның әке-шешесі де жауапқа тартылады», – деді Түрксіб ауданының прокуроры Ізбасар Масақбаев.
«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан іс-шара өте көп. Апта сайын сынып сағаты өтеді, мектеп әкімшілігі, мектеп инспекторы, сынып жетекшісі түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Мақсаты – өмірде қиын жағдайға тап болмау үшін сауатты болуға шақыру», – деді № 76 жалпы білім беретін мектеп директорының орынбасары Алма Жанысова.
Оқи отырыңыз: Қаза тапқандар бар: Астанада екі жүк көлігі өртеніп кетті