Заңды құрметтейтін ұрпақты қалай тәрбиелеуге болады

09.04.2025 14:22

Оның көпшілігі заңды бұзып жатқанын білмей бұл үшін жауапкершіліктің бар екенін түсінбейді

Photo by Tingey Injury Law Firm on Unsplash

Заңды қорықпай, құрметтейтін ұрпақты қалай тәрбиелеуге болады? Оған жауап – профилактикада, білім беруде және дана тәлімгерлікте, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Берік Асыловтың айтуынша, кейбір жасөспірімдер төбелес пен одан да ауыр қылмыстарға барып жүр. Оның көпшілігі заңды бұзып жатқанын білмей бұл үшін жауапкершіліктің бар екенін түсінбейді.

"Нағыз қауіп - құқықтық сауатсыздық. Сондықтан біз уәкілетті органға маңызды ұсыныс жасадық – 7-сыныптан бастап мектептерде «Заң және Тәртіп» атты міндетті пән енгізу. Бұл пәндіқызметтегі заңгерлер мен құқық қорғау органдарының ардагерлері жүргізсе, олар тек біліммен емес, өмірлік тәжірибемен де бөлісе алады. Жасөспірім заңның мәнін түсінгенде – ол қорқыныш пен бейбастақтық емес, бағыт пен тәртіпке ие алады. Хабардар адам қаруланғанмен тең. Егер жасөспірім алған білімін тек сыныптастарымен ғана емес, отбасымен, көршілерімен де бөлісе алса – бұл жаман ба? Біз мұндай сабақтардың саналы, жауапты, заң мен тәртіпке құрметпен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеуге көмектесетініне сенімдіміз", - деді Берік Асылов.

Ұлттық құрылтайдың IV отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адал азамат тұжырымдамасының идеалдарына сай патриоттық рухта тәрбиеленген, білімді, жасампаз ұрпақты тәрбиелеудің маңыздылығын тағы да атап өтті. Демек, дұрыс тәрбие мен заңды білу арқылы ғана біз әділетті қоғам құра аламыз.

Оқи отырыңыз: Елімізде жоғары жалақы алатындарға салықты көтеру ұсынылды