Ауыр халде болған азамат бүгін таңертең көз жұмды
Алматыда 66 жастағы зейнеткер күйеуін тірідей өртеп жіберді. Жантүршігерлік жағдай екі күн бұрын Медеу ауданының Кербұлақ көшесінде тұратын ерлі-зайыптылардың үйінде болған, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Ер адам үшінші дәрежелі күйік жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Ауыр халде болған азамат бүгін таңертең көз жұмды.
Алдын ала деректер бойынша, ішімдік ішіп, масаң күйде болған әйел күйеуіне керосин шашып, от жағып жіберген. Оның мұндай қадамға не себепті барғаны анықталып жатыр.
Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Полиция сұмдық жайттың мән-жайын тергеуге кірісті. Ал қала прокуратурасы қылмыстық істі жеке бақылауына алғанын мәлімдеді.
«Медеу аудандық полиция басқармасы кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Мән-жайлар анықталып жатыр», - деді Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Оқи отырыңыз: Жетісу облысында өртенген көліктен ер адамның мәйіті табылды