Алматыдан 270 шақырым жерде жер сілкінді

01.02.2025 14:12

Дүмпудің эпицентрі Қытай аумағында орналасқан

Shefali Lincoln / Unsplash

Алматыдан 270 шақырым жерде жер сілкінді. Бұл туралы ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жер сілкінісі 1 ақпанда Астана уақытымен сағат 07:05-те тіркелген.

Дүмпудің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығыста 270 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің параметрлері:

  • Координаттары: 41.038° солтүстік ендік, 78.387° шығыс бойлық
  • Магнитудасы: 4.5
  • Энергетикалық класы: 9.8

Сейсмологтар мәліметінше, жер сілкінісі Қазақстанда сезілмеген.

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, бұл жер сілкінісі адамдар үшін сезілмеген, яғни Алматыда және жақын маңдағы елді мекендерде дүмпулер байқалмаған.

Оқи отырыңыз: Активтерді қайтару: Ақтауда облыстық жедел көмек көрсету стансасын салуға 4,6 млрд теңге бөлінді