Жайлы мектеп: Қызылорда облысында 600 орындық білім ордасы пайдалануға берілді

03.02.2025 21:50

Өңірде биыл 5 білімордасының құрылысын аяқталады

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданының Саяжай шағынауданында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясындағы 600 орындық білім ошағының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов, жауапты салалардың, құқық қорғау органдарының басшылары, сала ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Аймақ басшысы аудан тұрғындарын жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.

"Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырсында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндадым. Президентіміз облысымыздың экономикалық өсіміне оң бағасын берді. Осы жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: Биыл "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аяқталады. Барлық аймақта заман талабына сай тірек мектептер желісі құрылып жатыр. Менің тапсырмаммен үш жыл ішінде тағы 1300 мектеп жаңғыртудан өтеді", - деген болатын. 

Президентіміздің, Үкіметтің ерекше қолдауымен Сыр өңірінде байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар жүзеге асуда. Біз ұрпақ білімін арттыруға, қоғамда ұстаз беделін көтеруге әркез мүдделіміз. Тұрақты қолдаудың арқасында өңіріміздің білім саласы табысқа жетті. Сәулеті жаңарған мектептер бой көтерді. Өткен жылы білім саласына бөлінген қаржы 270 млрд теңге болса, биылғы бюджеті 308 млрд 134 млн теңгеге жетті, яғни 16,9 пайызға артты. Жаңа мектептердің ашылуы – жай ғана ғимараттардың салынуы емес, бұл жаңа дәуірде білім алатын озат оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау.

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асқан "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы аясында өңірде 6 900 оқушыға арналған 10 мектеп құрылысы басталып, облыс орталығындағы 900 орындық алғашқы мектепті өткен жылдың қазан айында табыстадық. Жыл басында Жаңақорған ауданының "Жаңарық" ауылында, Арал қаласында 300 орындық, Қызылорда қаласында 600 орындық мектептерді пайдалануға бердік. Жыл ішінде тағы 5 "Жайлы мектептің" құрылысын аяқтаймыз.

" 600 орындық "Жайлы мектепті" ел игілігіне табыстаудамыз. Біз бұл арқылы Жаңақорған кентінде қарқынды өсіп келе жатқан Саяжай шағынауданындағы балаларымыз баратын мемлекеттік мектептің мәселесін шештік. Енді оқушыларға басқа мектептерге қатынаудың қажеті жоқ. Алдымызда нақты жоспарларымыз бен бастамаларымыз әлі де көп. Оларды іске асыру бағытындағы жұмыстарымызды жалғастыра береміз. Қуаныштарыңыз құтты болсын, - деді Нұрлыбек Нәлібаев. 

Оқи отырыңыз: Жасанды интеллект білім беру жүйесіне қалай әсер етеді