Жалған құжат: Бейнеу ауданында мұғалімдерге айыппұл салынды

07.03.2025 15:56

Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданының прокуратурасы білім беру сапасының заңдылығына талдау жүргізді

Маңғыстау облысына қарасты Бейнеу ауданының прокуратурасы білім беру сапасының заңдылығына талдау жүргізіп, нәтижесінде бірқатар педагогтің жалған куәлікпен жұмыс істеп келгенін анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, педагог 2024 жылдың наурызда Алматы қаласындағы университеттердің бірінде «Арнайы педагогика» мамандығы бойынша «логопед-дефектолог» біліктілігін алған. Бірақ бұл куәлік жалған болып шыққан. Маман мектепте «педагог-психолог» ретінде жұмыс істеген.

«Аудандағы орта білім беру ұйымдарында 6 педагогке айыппұл салынды.  Аталған әрекеттері үшін, сот үкімімен 7 педагог ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды, – деді Бейнеу ауданының прокуроры Смағұл Хасниязов.

Оқи отырыңыз: Алматы әуежайында жолаушы қызметкердің шашынан тартып, көпшілік алдында пышақ кезенді