Субсидияны заңсыз иемденген сырбойылық шаруалардан 150 миллион теңгеге жуық қаржы қазынаға қайтарылды. Бұл қаражат облыс прокурорларының қадағалауымен өндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Негізінен мемлекеттен бөлінген ақша мал шаруашылығын дамытуға бағытталуы тиіс еді. Алайда фермерлер жалған құжат тапсырған. Сонымен қатар қадағалаушы орган өкілдері субсидиялау ережелерінің өрескел бұзылғанын анықтады. Ал мақсатсыз жұмсалған қаржы апелляциялық өтініш арқылы бюджетке қайтарылған.
"Бұл шешімнің заңдылығы апелляциялық мерзімде заң тұрғысымен зерделеніп, нәтижесінде сот шешімін қайта қарау туралы облыс прокуратурасымен апелляциялық өтініш хат енгізілді. Қаралу қорытындысымен бірінші саты сотының шешімдері заңға сәйкестендірілді. Бүгінгі таңда сот актілерімен заңсыз берілген 142 миллион теңге субсидия мемлекет бюджетіне өндірілді", – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Бауыржан Сәтбаев.
Оқи отырыңыз: Перизат Қайраттың анасы да күдікке ілінді