Археологтардың сөзінше, тастағы таңбалар 5 мың жыл бұрын салынған
Жамбыл облысында қараусыз жатқан 500-ден аса петроглиф мемлекет қорғауында болады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Тарихи жәдігерлер Байзақ ауданы Ботамойнақ тауындағы Қарасай шатқалынан табылған. Археологтардың сөзінше, тастағы таңбалар 5 мың жыл бұрын салынған. Мамандар «алғашқы адамдардың бұл туындысы аса құнды» дейді. Жартастарда аңдардың бейнесі мен адамдардың аңшылық тәсілдері бейнеленген. Оларды кез келген турист көре алады. Ол үшін ақпараттық тақталар орнатылып, қырға шығар арнайы сатылар да қойылған. Айта кетейік, облыста таңбалы тастары бар 100-ге жуық тарихи нысан көптің назарына ұсынылған.
"Келешектегі ізденістер нәтижесінде тарихи орындардың ашылатындығына кәміл сенеміз. Қарасай петролгифтері Қола, Ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштер. Суреттер арқылы олар өздерінің ішкі дүниесін, қоршаған ортаға деген көзқарасын, дүниетанымын жеткізуге тырысты", – деді тарих ғылымдарының докторы, профессор Досбол Байғұнақов.
Оқи отырыңыз: Алматыда ескі шамдарды жаңасына жаппай ауыстыру жүріп жатыр