Жамбыл облысында полиция бөлімі бастығының орынбасары қамауға алынды

polisia.kz
polisia.kz

Оған ұсталған адамды азаптады деген айып тағылды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысының прокурорлары азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, деп хабарлайды Аlmaty.tv облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылдың 29 қаңтарында Жамбыл облысының прокурорлары бейнебақылау камералары арқылы азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуын тексеру барысында Тұрар Рысқұлов ауданы полиция бөлімі бастығының орынбасары тарапынан қылмыстық іс бойынша күдіктіге қатысты азаптау фактісін анықтады.

Аталған факт бойынша прокуратурамен ҚК-нің 146-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар).

"Полиция қызметкері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - делінген хабарламада.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялануға жатпайды.

Прокуратура қылмыстық процесте адамның құқықтарын қатаң сақтауға шақырады және азаптаулар жасағаны үшін ең ауыр жаза 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделгенін ескертеді.

Оқи отырыңыз: Астана қаласы Мәдениет басқармасының бұрынғы басшысына сот үкімі шықты

Новости партнеров