Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері 758 миллион теңге жымқырған

22.04.2025 18:21

Олар қаражатты заңсыз аударып отырған

Жамбыл облысында аурухана қызметкерлері 758 миллион теңге жымқырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Тараз соты қалалық көпсалалы аурухананың бас дәрігерінің орынбасары мен бас бухгалтерін қылмыстық жауапкершілікке тартты. Тергеу барысында олардың құрылыс компаниясымен сөз байласып, жалған құжаттар дайындағаны белгілі болды. Сол арқылы қаражатты заңсыз аударып отырған. Ал бөлінген ақша емхана қажеттілігіне емес, жеке мақсатта жұмсалған.

 «Сот үкімімен Шаушенова 9 жылға, Достаева 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар қаржылық қызметке байланысты лауазымды 10 жыл мерзімге атқару құқығынан айырылады», – деді ҚР Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров.

Оқи отырыңыз: Алматыда теміржол вокзалында құқық бұзған 11 жасөспірім анықталды