Зейнетақы қорына 118 млн теңге төленуі қажет
Жамбыл облысында 900-ге жуық жұмысшыға зейнетақы аударымы жасалмаған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Міндетті әлеуметтік төлемнен медицина мамандары қағылып отыр. Мәселен бір ғана Жамбыл аудандық ауруханасының 700 жұмысшысына әлеуметтік ақы 5 ай бойы берілмепті. Ал “Байзақ-су” мекемесі 141 қызметкердің еңбек құқығын таптаған. 81 кәсіпкер 227 жұмысшыға міндетті төлемді аудармаған. Қос аудандағы олқылықты прокурорлар әшкереледі. Енді ведомство өзге аудандарға тосыннан тексеріс жасамақшы.
Айта кетейік, зейнетақы қорына 118 млн теңге төленуі қажет.
"Прокурорлық қадағалау актілері бойынша 486 қызметкердің зейнетақы жарналары аударылды. Сондай-ақ кінәлі тұлғалар тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жамбыл облысының прокуратурасы тексеру жұмыстарын жалғастырады", – деді Жамбыл облысы прокуратурасының аға прокуроры Шовкат Таштемиров.
Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында үш адам газға уланып, жан тапсырды