Жамбыл облысында полицей өзіне оқ атып көз жұмды

Аlmaty.tv
Аlmaty.tv

Оқиға 12 ақпанда кешке Жасөркен кентінде болған

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Әлеуметтік желілерде Жамбыл облысындағы МАЭС қызметінде полиция қызметкері өз-өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат тарады. Аймақтың Полиция департаменті ақпаратты растады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 12 ақпанда кешке Жасөркен кентінде болған. Мәліметке сүйенсек, 2003 жылы туған полиция қызметкері табельдік қарудан басына оқ атқан.

Полиция департаменті бұл дерек бойынша "Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

"Қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деді Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Оқи отырыңыз: Қансыраған қалпы үйге өзі жеткен - лифтіде пышақталған баланың анасы не дейді

Новости партнеров