Анасы балаларын жалдамалы пәтерге қалдырып кеткен
Жамбыл облысында бір үйдің 3 баласы газдан уланып қайтыс болды. Қайғылы жағдай Меркі ауданындағы Сарымолдаев ауылында болған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Таңертең тысқа шыққан анасы үш, бес және жеті жастағы балаларын үйде қалдырған. Ал кешкісін оралғанда қимылсыз жатқан денелерін тапқан. Кейіннен анықталғандай, баспана ішінде газдың иісі жайылып кеткен. Бақилық болған балаларға дәрігерлер де көмек көрсете алмады. Тексеріс барысында пештің қолдан жасалғаны анықталды. Пеш түтінінің әдеттегідей, далаға емес үйге қарай шығуына бұл да себеп болуы мүмкін. Қазір оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
«Жергілікті атқарушы орган тарапынан жерлеу рәсімі ұйымдастырлып, зардап шеккен отбасыға әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта оқиғаның мән жайы анықталуда. Барша тұрғындарды газ құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға және сақтық шараларына ерекше мән беруге шақырамыз», – деді Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Өмірбеков.
Оқи отырыңыз: Астраханда тұрғын үйден өрт шығып, бес бала қаза тапты