Жамбыл облысында жер сілкінісінен инфрақұрылымдық нысандарға зақым келмеген

ҚазАвтоЖол
ҚазАвтоЖол

Бұл туралы ҚазАвтоЖол баспасөз қызметі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысының аумағында болған жер сілкінісі туралы келіп түскен ақпаратқа байланысты жолшылар ықтималды әсер ету аймағындағы инфрақұрылымның жай-күйін шұғыл тексеріп шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Меркі және Тұрар Рысқұлов аудандарындағы 5 жол айрығы, 2 теміржол өтпесі мен 3 көпір егжей-тегжейлі тексеріліп, көлік қозғалысының қауіпсіздігіне көз жеткізілді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік Жамбыл облысындағы жер сілкінісі болып, Тұрар Рысқұлов ауданы Қарақыстақ ауылындағы мәдениет үйі, Меркі аудандық ауруханасы, Ойтал ауылындағы мектеп ғимаратының қабырғасында жарықшақ пайда болғаны анықталған еді.

Оқи отырыңыз: Маңғыстау облысында алаяқтар тұрғындардың шотынан 48 млн теңге жымқырған

Новости партнеров