Жамбыл облысындағы бүлдіршіндер астан уланған - министр

Almaty.tv
Almaty.tv

Денсаулық министрлігі балалар ұйымдарында бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде балалар болатын ұйымдарда санитарлық-эпидемиологиялық қызмет күшейтілмек. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Тамақтан жаппай уланған. Тиісті сүртінділер алынып, стафилококк анықталды. Бұл тамақты дайындау мен сақтау технологиясының бұзылуы, соның салдарынан балалар жаппай уланды", - деді Ақмарал Әлназарова Мәжілісте өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда министрлік балалар болатын ұйымдарда бақылауды күшейтуді жоспарлап отыр.

"Заңнамаға өзгерістер енгізіп жатырмыз, әсіресе, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің бақылау механизмдерін күшейту бойынша, балалар орналасқан ұйымдар мен бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдарға қатысты", - дейді ведомство басшысы.

Бірнеше күн бұрын Жамбыл облысындағы бөбекжайда 10 бала инфекция жұқтырып, ауруханаға түскенін, еске салайық. 

Дереккөз: ҚазАқпарат

Оқи отырыңыз: Биыл білім беру ұйымдарында тамақтанудың жаңа стандарты қабылданды

Новости партнеров