Нәресте ауруханаға жатқызылды
Алматылық тұрғындар Чернышевский көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан нәрестені тауып алған. Полиция қызметкерлері жаңа туған баланы тастап кеткен әйелді іздестірген, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Baq.kz-ке сілтеме жасап.
"Жедел жәрдем" қызметкерлерінің айтуынша, сәбидің дүниеге келгеніне бір-екі сағат қана болған. Нәресте ауруханаға жатқызылды.
"Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қыздың анасының жеке басы анықталды. Ол ұсталды және медициналық көмек алу үшін қалалық ауруханалардың біріне жатқызылды. Қауіпті жағдайда баланы тастап кету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр", - деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
Оқи отырыңыз: Ақмола облысында балабақша есепшісі 9 млн теңге жымқырған