Жаңаөзен қаласында сауда орталығында өрт шықты

ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ баспасөз қызметі

ТЖМ өкілдері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңаөзен қаласының 1 шағын ауданында орналасқан екі қабатты сауда орталығының бірінші қабатында өрт шықты, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Өрт сөндірушілердің үйлесімді және кәсіби сауатты әрекеттерінің арқасында өрттің ғимараттың барлық ауданына таралуына жол берілмеді. Өрт 300 шаршы метр алаңда толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда", – делінген хабарламада.

Осы ретте ТЖМ өкілдері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтап, жағдайды өртке жеткізбеуді сұрайды.

Оқи отырыңыз: Елімізде үш облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Новости партнеров