Жанармай құю бекетіндегі шабуыл: іс ІІМ бақылауына алынды

polisia.kz
polisia.kz

Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жанармай құю бекетіндегі шабуыл бойынша іс ІІМ бақылауында, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Жамбыл облысындағы Меркі ауданында жанар-жағар май құю бекетінде пышақ қолдану арқылы шабуыл жасалған болатын. Күдікті ізін суытпай ұсталып, сот санкциясымен қамауға алынды. Осы дерекпен Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігімен, яғни пышақ қолдану арқылы жасалған бұзақылықпен қылмыстық іс қозғалды. Бұл баппен 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы көзделген, яғни ауыр санаттағы қылмыс қатарына жатады.

Тергеуді Жамбыл облысының полиция департаменті жүргізуде, оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс жасауда. Оның жұмысын ұйымдастырып, бақылау жүргізу үшін министрліктің орталық аппарат қызметкерлері жіберілді. Қазір жан-жақты тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар адвокатының өтініші бойынша жәбірленушіге полицияның күзеті қойылды. Тергеу барысы Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында, - деді ІІМ тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев.

Оқи отырыңыз: Қызметтік борышын өтеу кезінде көз жұмған полицейлер мен әскерилердің отбасына өтемақы төленуі мүмкін

Новости партнеров