Полиция қызметкерлері аталған іске қатысты тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр
Түркістан облысында жол апатынан 6 адам опат болды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жантүршігерлік оқиға Кентау – Түркістан тас жолының бойында тіркелген. Алдын ала дерекке сай, жеңіл көлік жүргізушісі өз жолағынан шығып кетіп, қарсы бетте келе жатқан темір тұлпармен соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, автокөліктің бірі отқа оранған. Ал қаза тапқандардың арасында жүкті әйел мен балалар да бар. Тағы 4 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Қазір үшеуінің жағдайы ауыр. Полиция қызметкерлері аталған іске қатысты тергеу жүргізіп, оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Оқи отырыңыз: Республикалық маңызы бар барлық жолдар 2027 жылға қарай интернетпен қамтамасыз етіледі