Жантүршігерлік жол апаты: Жаңаөзенде 13 жастағы жеткіншек көз жұмды

Ауыр жарақат алған тағы 2 оқушы жансақтау бөлімінде жатыр

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан 13 жастағы жеткіншек көз жұмды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ауыр жарақат алған тағы 2 оқушы жансақтау бөлімінде жатыр. Куәгерлердің айтуынша, мопедке мінген 3 бала жеңіл көлікпен соқтығысқан. Қайғылы оқиға бейне бақылау камерасына түсіп қалған. Мектеп оқушылары мінген қос дөңгелекті құрылғы темір тұлпардың бүйірінен соғып, үш бала үш жаққа қарай құлаған. Оның біреуі сол жерде көз жұмған. Полиция арнайы сараптама тағайындап, қылмыстық іс қозғады. Жол апатына нақты кімнің кінәлі екені әзірге белгісіз. Ал дәрігерлер аман қалған 14 жастағы екі баланың жағдайы ауыр деп отыр.

"Қазіргі таңда балалардың жағдайы өте ауыр. Бір баламыз өкпені жасанды желдету ИВЛ аппаратында жатыр. Екінші науқастың сан сүйегінің сынған және көп қан жоғалтуына байланысты жансақтау бөлімінде емделіп жатыр. Алған жарақатының ауырлығына байланысты отаға дайындап жатырмыз", – деді Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасы жансақтау бөлімінің меңгерушісі Марат Еділханов.

Оқи отырыңыз: Шымкенттіктерді сумен қамтып отырған мекеме мемлекет меншігіне өте ме

Новости партнеров