2012 жылғы ер бала облыстық балалар ауруханасына санавиациямен жеткізілді
Дәрігерлер баланы жансақтау бөлімшесінен травматология бөлімшесіне ауыстырғандарын, жағдайы жақсарып келе жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Астана-Ерейментау-Шідерті» автожолындағы жол-көлік апатынан зардап шеккен 2012 жылғы ер бала Ерейментау аудандық ауруханасынан Павлодар облыстық балалар ауруханасына санавиациямен жеткізілді.
— 2025 жылғы 19 сәуірде сағат 18:10–да ер бала Ерейментау аудандық ауруханасынан санитариялық авиация арқылы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Диагнозы: жабық бас-ми жарақаты, орта дәрежедегі ми соққысы, шүйде тұсында көлемді теріасты гематомасы. Баланың жағдайы тасымалдау кезінде тұрақты болды, ұшу ойдағыдай өтті. Бастапқыда травматология бөлімшесіне жатқызылды, кейін бақылау және қарқынды терапия мақсатында реанимация бөлімшесіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы тұрақты, орташа ауырлықта, - деп мәлімдеді өңірлік денсаулық басқармасынан.
Ал облыстық балалар аурухананасының травмотологы Нұрсұлтан Мұқанов қазіргі уақытта бала қайтадан травмотология бөлімшесіне жатқызылғанын жеткізді. Айтуынша, баланы травматолог пен нейрохирург қараған. Бала есін біледі, сөйлеп, қимылдай бастаған. Тағы 5-7 күндей дәрігерлердің бақылауында болмақ.
Еске сала кетейік, Павлодар-Астана жолында балалар мінген автобус аударылып, жаттықтырушы көз жұмды.
Кейін жол апатынан зардап шеккен балалардың бірі жансақтау бөліме жатқызылды.
Оқи отырыңыз: Алматыда жартылай марафонға қатысқан екі адам көз жұмды