Жасанды интеллект білім беру жүйесіне қалай әсер етеді

Медеу ауданына қарасты мектепте бас қосқан мамандар заманауи тенденцияның ерекшеліктерін талқыға салды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

"Жасанды интеллект - оқу процесін жеңілдетіп, білім алушылардан бөлек, мұғалімдерге де мол мүмкіндік ұсынады". Осылай деген сала мамандары бүгін Медеу ауданына қарасты мектепте бас қосып, білім берудегі заманауи тенденцияның ерекшеліктерін талқыға салды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жасанды интеллект жайлы сөз болған жиынға ата-аналар мен оқушы, ұстаздардан бөлек, шет мемлекеттің білікті мамандары да қатысқан. Олардың қатарында көршілес Өзбекстан мен Украинадан онлайн қосылған сала өкілдері де бар. Олар аталған заманға сай технологияның өз елдерінде қолданылуы мен инновациялық әдістемелердің дамуы туралы мәліметтерді жеткізді.

"Жасанды интеллект білім беру жүйесінде  мұғалімдердің жұмысын жеңілдетіп, оқушылардың  қызығушылығын арттырады", – деді № 163 мектеп-лицейдің директоры Индира Сатыбалдықызы.        

"Жасанды интеллекттің көп пайдасы бар, бірақ оның оң және теріс жақтары кездеседі. Балалар оны дұрыс қолдану жолдарын толық білмейді, сондықтан ұстаздар түсіндіріп, қауіпсіз әрі тиімді пайдалану тәсілдерін үйретуі керек", – деді педагогика ғылымдарының докторы Гүлмира Саудабаева.

Оқи отырыңыз: Жайлы мектеп: биыл 200-ге жуық мектептің құрылысы жүзеге асырылады

Новости партнеров