Жасанды интеллект науқастарға диагноз қояды

28.01.2025 16:47

Диагноз Damumed жүйесіне автоматты түрде жүктеліп, 30 жылға дейін сақталмақ

Жамбыл облысының тұрғындарына диагнозды жасанды интеллект қояды. Жүйе компьютерлік томография, рентгенография мен флюорография сынды сәулелік диагностика саласында кеңінен қолданылмақ, деп хабарлайды Almaty.tv.

Цифрлық бағдарлама адамның диагнозын дәрігерге жеткізбей екі минутта дайындайды. Ал ақ халатты цифрлық жүйе әзірлеген 95 процентке дейінгі нақты шешімді бір қарап шығады. Жоба үшінші тоқсанда жүзеге аспақ. Ол үшін облыстық бюджеттен 3,5 миллиард теңге бөлінген. Аталған қаражат арқылы облыстағы 392 медициналық нысанға ортақ сервер орнатылып, жоғары жылдамдықтағы интернетке қосылады.

Айта кетейік, диагноз Damumed жүйесіне автоматты түрде жүктеліп, 30 жылға дейін сақталмақ. Сондықтан диагнозды науқас та, өзге қаладағы медицина маманы да жоғары сапада көре алады.

"Жобаның арқасында бір күнде азаматтарды қабылдауға мүмкіндік артады.  Флюрографиядан, рентгеофия көп азаттарда өкпе және өзге қатерлі ісікті анықтамайды. Олар КТ, МРТ-дан өтеді. Бірақ бүл зерттеулерде де аурудың ерте кезеңін анықтау қиын. Сондықтан жоба дәрігерге үлкен көмек болмақ", – деді Денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а. Ерік Мұсабаев.

Оқи отырыңыз: МӘМС жүйесін реформалауды жалғастыру керек – Қасым-Жомарт Тоқаев