Жұмыспен қамту мен әлеуметтік қолдау: Алматыда 70 мың жас жұмыс тапты

21.01.2025 16:42

Бүгінде жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін жұмыс берушілермен келісім жасалып жатыр

Аlmaty.tv

Алматы қаласында 2024 жылы жастарды жұмыспен қамту және олардың әлеуметтендірілуіне бағытталған бірқатар тиімді бағдарламалар жүзеге асырылды. Қалада 69,3 мың жас тұрақты және уақытша жұмыс орындарына орналастырылып, жұмысқа орналастыру шараларының нәтижесінде жастардың әлеуметтік жағдайы жақсарды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде брифингінде Алматы қаласы Жастар басқармасының жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Нурсултан Беккайров хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бұл ретте жоғары оқу орындары, колледждер мен жұмыс берушілерді біріктірген қалалық мансап орталығының шешуші рөлі жоғары. Іске қосылғалы бері орталыққа 5 мыңнан астам жас өтініш білдіріп, 4 мыңы жұмысқа орналастырылды.

Сонымен қатар 2024 жылы қалалық Мансап орталығының инклюзивті бағдарламасы арқылы 10-нан астам мүмкіндігі шектеулі жандар жұмысқа орналасты. Бағдарлама еңбек нарығында ерекше қиындықтарға тап болған жастар үшін тең жағдай жасауға бағытталған. Қатысушылар түйіндеме жасауға көмек алады, мамандардың консультацияларынан және жұмыс беруші-серіктестер ұйымдастырған оқытудан өтеусіз негізде өтеді.

Курстарға цифрлық дағдыларды, коммуникацияны және басқа да сұранысқа ие құзыреттерді дамыту кіреді. Орталықпен ынтымақтасатын жұмыс берушілер жұмыс орындарын ұсынып қана қоймай, оларды қызметкерлердің қажеттіліктеріне бейімдеп, қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді. Жеке тәсіл бағдарламаның әрбір қатысушысына кәсіби дамудың ең қолайлы бағытын таңдауға мүмкіндік береді.

"Инклюзивті бастама ерекше қажеттіліктері бар жастарға жұмыс табуға ғана емес, сонымен қатар кәсіби қоғамдастыққа қосылуға көмектесетін тиімділіктің жоағы екенін көрсетеді. Алдағы уақытта серіктестер саны мен білім беру мүмкіндіктерін арттыру есебінен бағдарламаны кеңейту жоспарлануда", - деп атап өтті спикер.

Бүгінде қалалық Мансап орталығы жастар жұмыссыздығының деңгейін төмендету және жас мамандардың кәсіби өсуін қолдау үшін жұмыс берушілермен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруда. 300-ден астам жұмыс берушімен серіктестік жасалды, олардың арасында BI Group, LG, Қазақтелеком, Invictus, Alina Group, Sulpak, Леруа Мерлен және Magnum GO сияқты ірі компаниялар бар.

Серіктес жұмыс берушілер орталықтың түрлі бастамаларына белсенді қатысады, соның ішінде шеберлік сыныптарын өткізу, білім беру іс-шараларына арналған кейстерді әзірлеуге қатысу және тағылымдамаларды ұйымдастыруға жәрдемдесу. Бұл компаниялар жастарға сұранысқа ие дағдыларды игеруге, еңбек нарығының заманауи талаптарымен танысуға және практикалық тәжірибе алуға көмектеседі. Мұндай ынтымақтастық оқу орындары, жұмыс берушілер мен жас мамандар арасында берік көпір қалыптастырып, табысты жұмысқа орналасуға жағдай жасайды.

"Біз жастарды қолдаудың кешенді жүйесін құрып жатырмыз, осылайша әркім еңбек нарығында өз орнын таба алады. Бұл Алматының даму бағдарламасының маңызды бөлігі", - деп атап өтті Беккайров.

Оқи отырыңыз: Қар жауады: Алматының коммуналдық қызметтері күшейтілген жұмыс режиміне көшеді