Жеделсатыда 14 жастағы жасөспірім 5 жастағы баланың бетін пышақпен тіліп тастады

Видеодан алынды
Видеодан алынды

Оқыс жағдайға қатысты қалалық Денсаулық сақтау басқармасы да мәлімдеме жасады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Астанада адам шошырлық оқиға болды Көпқабатты үйлердің бірінде 14 жастағы жасөспірім қолындағы пышақпен лифтіде тұрған 5 жастағы балаға шабуылдап, қолындағы пышақпен бетін тілгілеп тастады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті мәлімдеме жасап, жасөспірімнің психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғанын хабарлады.

«Оқиғаны тергеу барысында психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған кәмелетке толмаған адам анықталды. Оның заңды өкілдері полицияға шақыртылды, олар заңнамаға сәйкес міндетін тиісінше орындамағаны үшін қатаң жауапкершілікке тартылады.  Зардап шеккен бала ауруханаға жатқызылды, оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. 

Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Шабуыл жасаған жасөспірім қажетті тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін белгіленген тәртіппен бірден оқшауланады», - деп жауап берді Полиция департаменті.

Оқыс жағдайға қатысты қалалық Денсаулық сақтау басқармасы да мәлімдеме жасады.

«Бетінен бірнеше жерден жара алған бала жедел-медициналық жәрдем бригадасы №2 Көпбейінді қалалық балалар ауруханасына жеткізді. Баланың жағдайын кезекші травматолог және жақ-бет хирургы қарады. Баланың жалпы жағдайы – ауыр. Жақ-бет хирургиясы бөлімшесіне жатқызылды.

Дереккөз: Azattyq Rýhy.

Новости партнеров