Желшешек – тез тарайтын аса қауіпті дертің бірі
Қостанай облысында желшешек жұқтырғандар саны күрт артты. Биыл бұл дертке мыңнан астам адам шалдыққан, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дәрігерлердің айтуынша, ветрянка – белгілі бір уақыт аралығында қайта өршитін инфекциялардың бірі. Әсіресе балабақшаға баратын балалар жиі ауырады. Алайда соңғы кезде ересектер арасында да сырқаттанушылардың көбейгені байқалады. Ақ халаттылар бұл алаңдатарлық жағдай деп отыр. Себебі балаға жеңіл тиетін бұл ауру үлкендер үшін оңай сынақ емес. Дәрігерлер қызуы көтеріліп, денесін бөртпе басып, сырқаты ауыр өтетінін ескертті. Сондықтан мамандар сақтық шараларын күшейтіп, алдын алу жолдарын назарда ұстауға шақырады.
«Желшешек – тез тарайтын аса қауіпті дертің бірі. Егер адамда оған қарсы иммунитет болмаса, ауру 100 пайыз жұғады. Тіпті «желшешек» деп аталуында да үлкен мән жатыр. Өйткені бұл аурудың ауада жылдам тарайтын қасиеті бар. Дегенмен сыртқы ортада көп сақталмайды», – деді Қостанай облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Гүлім Досымова.
Оқи отырыңыз: Иммундау — бала денсаулығының қалқаны