Жеңіс-80: Қонаевта соғыс ардагеріне 5 млн теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді

24.04.2025 13:56

Әскери шеруге дайындық бас қала – Астанада жүріп жатыр

Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Биыл  Жеңіске 80 жыл толып отыр. Осыған байланысты Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі Отан соғысының ардагері Оксана Бетебаеваға 5 миллион теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Әжей 1920 жылы дүниеге келген. Жолдасы екеуі қан майданда табысып, отау құрған. Өзі жаралы әскерилерді емдеп, медбике болса, күйеуі жау әскеріне қарсы соғысқан. Кейіннен Қонаев (ол кезде Қапшағай) қаласына көшіп келген. Қазір әже бала-шағасымен бірге тұрады.

Сондай-ақ ҰОС қатысушылардың жесірлеріне, 117 тыл еңбеккерлеріне 58980 теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек берілді. Барлығы 7 431 480 теңгені құрады.

Айта кетейік, Қонаевта әскери шеру болмайды. Орталық алаңда мерекеге орай концерт ұйымдастырылады. Сонымен бірге Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсімі өтеді. Әскери шеруге дайындық бас қала – Астанада жүріп жатыр.  

Оқи отырыңыз: Жеңіс-80: Алматы фотосурет көрмесі өтті