Жетісу облысы автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды

16.12.2024 15:54

Жетісу облысында республикалық автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Almaty.tv

“Үшарал-Достық” автожолының 84-164 шақырым аралығында жол ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
 2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 14:00-де Жетісу облысы бойынша “Үшарал-Достық” автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктума стансасынан Достық ауылына дейін) автомобиль жолында көлік қозғалысы ашылды.

Жетісу облысында республикалық автожолдарда қысқы күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолшылар жолдың бойын қардан тазалап, көктайғаққа қарсы материалдар себуде

Оқи отырыңыз: Еліміздің 19 өңірінде дауылды ескерту жарияланды