Жетісуда департамент басшысы электр қуаты тарифін көтеру үшін пара алған

12.03.2025 11:03

Тергеу жалғасуда

стоп кадр

Облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы 500 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Жетісу облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен облыстық Табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы әшкереленді. Шенеунік 2025 жылға арналған электр энергиясының тарифі мен тарифтік сметасын көтергені үшін «Талдықорған акционерлік көлік-электржелілік компаниясы» АҚ басшысынан 500 мың теңге көлемінде пара алды деп күдіктелуде. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді", — делінген Антикор таратқан ақпаратта.

Оқи отырыңыз: Жетісу облысында ер адам көшедегі итті аяусыз атып өлтірді