Апат салдарынан 3 автокөлік тұрған гараждың темір-бетон құрылысы қирап, 100 шаршы метр аумақты өрт шарпыған
Жезқазған қаласына қарасты жанармай бекетінде газ-ауа қоспасы жарылып, 6 адам зардап шекті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның біреуінің жағдайы ауыр. Апат салдарынан 3 автокөлік тұрған гараждың темір-бетон құрылысы қирап, 100 шаршы метр аумақты өрт шарпыған. Әкімшілік ғимарат, сондай-ақ қосалқы құрылыстардың қабырғалары мен терезелері де зақымданған. Қазіргі таңда өрттің шығу себептері анықталып, материалдық шығын көлемі есептеліп жатыр.
"Екі адам түрлі күйікпен травматология бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайы тұрақты. Ал біреуі реанимация бөлімшесіне жатқызылған. Түскен күні операция жасалған, бүгін тағы екінші ота жасалды. Өкінішке қарай, науқастың жағдайы тұрақсыз, барлық көмек көрсетіліп жатыр", – деді облыстық көпбейінді аурухана директорының орынбасары Шахрух Юлдашев.
Оқи отырыңыз: «Алматы арена» мұз айдынындағы өрттің шығуына не себеп болуы мүмкін