Жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысы бар 6 жасөспірім ұсталған

16.01.2025 14:44

Былтыр есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 61 жасөспірім істі болған

Жетісу облысында синтетикалық есірткі сақтаумен айналысқан азамат ұсталды. 33 жастағы күдіктіден шамамен 5 грамм болатын 10 дана қызыл, қара түсті изолентаға оралған және целлофанға салынған ақ түсті ұнтақ заттар тәркіленді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Олардың синтетикалық есірткілер мен прекурсорлар екені анықталды. Қазір күдікті қамауға алынып, оған қатысты тергеу амалдары жүріп жатыр.

Сонымен қатар Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысы бар 6 жасөспірім ұсталған. Мәселен, Астана қаласында жоғары оқу орнының екі студентінен аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленген.

"2024 жылы полиция есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар 61 кәмелетке толмағанды, ал жыл басынан бері алты жасөспірімді ұстады. Полиция қызметкерлері еліміздің барлық оқу орындарында құқықтық түсіндірме жұмысын жүргізеді. Соған қарамастан, мұндай фактілер әлі де кездесіп жатыр", - деді ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Оқи отырыңыз: Шымкентте үйсіз-күйсіз жүргендердің атына миллиондап несие рәсімдеген топ анықталды