Кечуп пен нан: Димаш желідегі әзілге қатысты пікір білдірді

16.04.2025 14:43

Ақтауда өткен концертте кейбір тыңдарман  «кечуп пен нан» деп әндеткен

instagram.com

Ақтауда өткен концертте кей тыңдарман әлеуметтік желіде «кечуп пен нан» деп әндеткен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шын мәнінде, Димаш әнде «We’re choosing life» — қазақша «біз өмірді таңдаймыз» деген сөзді айтқан. Әннің түпкі мәні — экология, адамзаттың болашағы мен бейбіт өмір туралы терең философиялық ойларға құрылған.

Тарап кеткен видео мен әзілдерге қатысты әншінің өзі Instagram парақшасында пікір білдіріп, әзілді дұрыс қабылдайтынын жеткізді.

"Баршаңызға сәлем! Бүгін менің жерлестерім әлеуметтік желілерде менің «Бір аспанның тарихы» атты шығармамды белсенді түрде талқылап жатқанын білдім. Айтады ғой, егер саған қалжың айтылса, демек сен тірісің және қызықтысың. Шығармашылық әзілдер мен ықыластарыңыз үшін, тіпті күтпеген формада болса да, рахмет, құрметті жерлестер. 

Ал менің әлемнің түкпір-түкпіріндегі сүйікті жанкүйерлерім, әрқашан қорғап, шынайылық пен жақсылықты жақтап жүргендеріңіз үшін көп рақмет. Сіздердің сөздеріңіз мен үшін музыка секілді", — делінген жазбада.

Оқи отырыңыз: Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді