Белдесудің басым бөлігін кубалық балуан 9:2 есебімен жеңіп тұрғанда Дәулет Ниязбеков үздіксіз нәтижелі әдіс жасап белдесу аяқталғанша 21 ұпай еншіледі
Еркін күрестен қазақстандық балуан Дәулет Ниязбеков Олимпиада ойындарын сәтті бастады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан 1/8 финалында кубалық әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері кубалық Алехандро Вальдеспен кездесті. Екеуара кездесу 21:11 есебімен қазақстандық балуанның еншісіне шешілді.
Белдесудің басым бөлігін кубалық балуан 9:2 есебімен жеңіп тұрғанда Дәулет Ниязбеков үздіксіз нәтижелі әдіс жасап белдесу аяқталғанша 21 ұпай еншіледі. Ережеге сәйкес, ұпай айырмашылығы 10 ұпай болғандықтан Дәулет Ниязбековке уақытынан бұрын техникалық жеңіс берілді.