Жарыстың алғашқы күнінде Токио бозкілеміне грек-рим мен әйелдер күресінің шеберлері шығады
Ертең, 1 тамыз күні Олимпиада ойындарында күрес түрлерінен бәсекелер басталады. Жарыстың алғашқы күнінде Токио бозкілеміне грек-рим мен әйелдер күресінің шеберлері шығады, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.
Olympic.kz қазақстандық балуандардың алғашқы қарсыластарын ұсынады.
Алғашқы жарыс күні 60 келіде ел сапынан Мейрамбек Айнақұлов (грек-рим күресі) пен 76 келіде Эльмира Сыздықова (әйелдер күресі) күреседі. Мейрамбек Айнақұлов пен Эльмира Сыздықованың алғашқы белдесуi Қырғызстан балуандарына қарсы өтеді. Мейрамбек тәжірибелі Жоламан Шаршенбековпен кездессе, Эльмира Айперi Медетқызымен кiм мықтыны анықтайды.
Жарыс Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 08:00-де басталады.