Қазір ол жарысқа қатысудан уақытша шеттетілді
Бейжіңде өтіп жатқан Қысқы олимпиада ойындарында алғашқы оң допинг-сынама табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпарат сілтеме жасап.
Халықаралық допинг тестілеу агенттігінің (ITA) мәліметінше, ирандық тау шаңғышы Хуссейн Савех-Шемшакидің тесті оң нәтиже көрсеткен. Спортшының допинг сынамасынан дегидрометил-тестостерон метаболиттері табылған.
36 жастағы шаңғышы олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Иран құрамасынан ту ұстап шыққан болатын. Қазір ол жарысқа қатысудан уақытша шеттетілді. Савех-Шемшаки танымал спортшылардың бірі. Ол 2010 жылы Ванкувердегі және 2014 жылы Сочидегі олимпиада ойындарына қатысқан.