Көктайғақ: елдің басым бөлігіне қалың қар түседі

19.12.2024 13:44

Бүгіннен бастап елдің басым бөлігіне қалың қар түсіп, көктайғақ болады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Синоптиктердің ақпарынша, оңтүстік-шығыс аймақта жауын жауып, желдің екпіні күшейеді.  Ал ертең солтүстік-батыс, солтүстік және орталық өңірлерде қар жауады. «21 желтоқсаннан бастап Батыс антициклоны жылжиды» деген Қазгидромет мамандары елдің солтүстік, оңтүстік және орталығында ауа температурасының төмендейтінін мәлімдеді.

Айта кетейік, республика аумағын қалың тұман басу қаупі бар. Ауа температурасына келер болсақ, алдағы күндері батыстағы аяз -18,  ал шығыста -20 градусқа дейін ауытқиды. Орталық Қазақстанда -25 Цельсий градус күтіледі.

"19 желтоқсаннан бастап Қазақстанның басым бөлігіне циклон әсер етеді, қар, бұрқасын, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын, екпінді жел күтіледі. 19-20 желтоқсанда солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, 20 желтоқсанда оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты қар жауады", – деді  «Қазгидромет» РМК инженер-синоптигі Кәмшат Катауф.

Оқи отырыңыз: Жылан – құпиялар жылы: ел тарихында қандай маңызды оқиғалар болды