13-14 наурыз аралығында Алматы қаласында көктайғақтың алдын алу туралы ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
13 наурызда Алматы қаласында тұман болып, жылымық қар түсіп, жауын жауады, ауаның температурасы төмендейді.
Ауа температурасының күрт төмендеуі салдарынан қала көшелерінде көктайғақ пайда болды.
Көктайғақтың алдын алу үшін сағат 18.30-дан бастап 178 құмлақтырғыш жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себуде. Сағат 00.30-дағы жағдай бойынша 576 тонна қолданылды.
Қазгидрометтің болжамы бойынша, 17 наурызға дейін ауық-ауық жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын күтілуде.