Зілзала ошағы Қытай Халық Республикасы аумағында орналасқан
22 ақпанда түнгі сағат 00:26 кезінде Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Сейсмикалық стансалар желісінің дерегінше, зілзала ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 260 шақырым жерде, Қытай Халық Республикасы аумағында орналасқан.
Афтершок.
МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісінің қуаты Алматыда 2 балл кһөлемінде сезілген.
Бұған дейін сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы биыл Қазақстан аумағында жойқын жер сілкінісі болмайтынын жеткізген еді.