15 қыркүйекте атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, күн күркіреп, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады. Еліміздің оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр жауады.
Батыста, шығыста, оңтүстік-шығыста екпінді жел соғады, орталықта және оңтүстік-шығыста бұршақ жауады. Батыста, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылордада, Ұлытау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Жамбыл, Түркістан, Қарағанды облыстарында, Атыраудың солтүстігінде, Алматы облыстарының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар.