Еліміздің басым бөлігінде қар жауады

23.11.2021 12:51

23 қарашаға арналған ауа райы болжамы

azattyq-ruhy.kz

«Қазгидромет» 23 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақстанның басым бөлігі әлі де атлантикалық циклонның ықпалында болғандықтан республикамыздың басым бөлігінде қар жауады. 

Күндіз республиканың шығысында қатты жауын-шашын болады. Республиканың басым бөлігінде - көктайғақ, күшті жел, бұрқасын, көктайғақ, батысында - тұман сақталады. 

Тек елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаумайды. 

Шығыс Қазақстан облысында желдің күші - 15-20 м/с, облыстың батысында, шығысында жел жылдамдығы 23-28 м/с жетеді, батысында, солтүстік және шығысында бұрқасын, көктайғақ болады. 

Қарағанды облысында желдің күші - 15-20 м/с, облыстың батысы мен солтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. 

Батысында, солтүстігі мен шығысында - бұрқасын, көктайғақ, облыстың оңтүстігінде - тұман түседі. 

Солтүстік Қазақстан облысында желдің күші - 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығыс және оңтүстік-шығысында жел қарқыны 23-28 м/с жетеді, облыстың солтүстігінде, шығыс және оңтүстік-шығысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі. 

Павлодар облысында желдің күші - 15-20 м/с. Облыстың батысы және оңтүстігінде жел екпіні 23-28 м/с жетеді. Облыстың батысы мен оңтүстігінде – жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. 

Қостанай облысында желдің күші - 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с шамасында болады. Облыстың шығысында және оңтүстігінде - бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. 

Ақмола облысында бұрқасын, желдің күші - 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. 

Ақтөбе облысының солтүстігінде бұрқасын, көктайғақ, түнде облыстың шығысында желдің қарқыны 15-20 м/с жетеді. 

Жамбыл облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман, облыстың оңтүстік-батыста және таулы аудандарда желдің жылдамдығы - 15-20 м/с. 

Түнде Қызылорда облысының солтүстігінде жел қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. 

Атырау облысының батысында, орталығында, Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында тұман, көктайғақ болады. 

Алматы облысының Алакөл ауданында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.