Алматыдан 437 шақырым қашықтықта жер сілкінді

12.11.2021 13:47

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.1

qazaqstan.tv

ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 12 қараша күні 07 сағат 38 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 437 шақырым қашықта, Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.1, MPV магнитудасы – 4.6. Бағыты 40.97° с.е. 72.57° ш.б. жатыр. Тереңдігі – 10 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ», – делінген ведомство хабарламасында.